Автобус жолға шығарда тексерістен өтті - Автопарк директоры Алматыдағы жол апаты туралы

11 Маусым 2017, 15:43
1
Автобус жолға шығарда тексерістен өтті - Автопарк директоры Алматыдағы жол апаты туралы - ©  "Территория происшествий" бағдарламасы
© "Территория происшествий" бағдарламасы

Автобус жолға шығарда тексерістен өтті. Бұл туралы "Сант" ЖШС директоры Абдумажид Низамов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Автобус 2008 жылғы. Тексерістен өтті, техникалық байқаудан өткен. Осыған дейін таңертең де тексерістен өтті. Тежегіштің неліктен істен шыққанын білмейміз. Сараптама жүргіземіз, анықтайтын боламыз", - деді Низамов. 

"Жүргізуші жол бойы жүргізіп келгенде ешқандай ақау болмағанын, барлығы қалыпты жұмыс істегенін айтады. Аялдамаға кірерде тежегіші істеп тұрған, ал шыға бергенде ол істен шыққан", - деді ЖШС директоры. 

Оның айтуынша, барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, "Гринбас" ЖШС Бауыржан Құлышевтің айтуынша (екінші автобус), жол-көлік оқиғасына байланысты қалалық көлік қозғалысының бағыты уақытша ауысқан. 

"Алтынсарин, Қуанышбаев және Ұлықбек көшелерінің қиылысында болған ірі жол апатына байланысты солтүстік және оңтүстік бағыттарда көлік қозғалысы жартылай тоқтатылды. Осыған орай: № 11 троллейбус, № 37, № 45, № 63, № 66 бағыттағы автобустар бағытын өзгертті", - деді Құлышев. 

Еске салайық, 11 маусымда Алматыда автобустың тежегіші істен шыққан. Салдарынан 5 машина қирады. ГАЗель мен екі автобус бүлінді. Оқиға Алтынсарин көшесінің бойында Ұлықбек пен Қуанышбаев көшелерінің аралығында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 124-ші бағыттағы автобус Алтынсарин көшесімен солтүстіккке қарай бет алған. Оның тежегіші істен шыққан. Бірінші болып ол BMW көлігін соғп, оны тұрақта тұрған машиналарға ұшырып жібереді. BMW 63-ші бағыттағы автобусты соғады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай