26 шілде 2017 17:25

"Автобус жүргізушісі дөңгелегінің желі шыққанын байқамаған" - автопарк директоры

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаскелеңдегі автопарк өкілдері №303 бағыттағы автобустың неліктен дөңгелегінің желі шығып кеткен күйде жолаушыларды тасымалдағанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаскелеңдегі автопарк өкілдері №303 бағыттағы автобустың неліктен дөңгелегінің желі шығып кеткен күйде жолаушыларды тасымалдағанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодағы кадрлардан №303 автобустың бір жақ шетке қисайып бара жатқанын және артқы дөңгелегінің желі шығып кеткенін байқауға болады.

"№303 автобус жолаушыларға лық толы болды. Адамдар автобуста отырса да артқы дөңгелектің желі шығып кеткенін байқамады. Адам тола болғандықтан солай келе жатқан шығар деп ойлайсың. Міне, осылай адамдардың, балалардың өміріне қауіп төндіріп жатыр!", - деп жазған қолданушылар әлеуметтік желілерде.

Қаскелең автопаркінің өкілдері болса автобус жүргізушілерінің дөңгелектің желі шығып кеткенін байқамағанын айтып отыр.

"Жүргізуші автобус дөңгелегінің желі шығып кеткенін байқамаған. Мұны тек соңында көрген. Ешқандай төтенше жағдай болмады. Бір жақта бұрыламын деп дөңгелекті соғып алған болар. Автобустың дөңгелектерін ауыстырдық, автобус қайта жолға шықты. Бригадирге ескерту жасалды", - деді "Қаскелең автобус паркі" ЖШС атқарушы директоры Асанбек Садыркұлов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети