11 мамыр 2017 | 17:15

Автобус пен Gelandewagen соғысқан жол апатынан зардап шеккендердің саны 23-ке жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Дәрігерлер Алматыда № 63 бағытында жүретін автобус пен Mercedes-Benz G-класс жол талғамайтын көлігінің соғысқан жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Дәрігерлер Алматыда № 63 бағытында жүретін автобус пен Mercedes-Benz G-класс жол талғамайтын көлігінің соғысқан жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ләйлә Иманғалиева жол апатынан зардап шеккендердің саны 23-ке жеткенін мәлімдеді. Оның сегізі ауруханаға жатқызылған, үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендердің бірі - жүкті әйел.

Сонымен қатар, зардап шеккендер қатарында екі жасар бала да бар. Ол да ауруханаға жатқызылды. Оның жадайы ауыр, бірақ оған ота жасау қажеттілігі жоқ. 

Еске салайық, бүгін жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының бойында Тілендиев көшесімен қиылысқан тұста болды. Көптеген куәгерлердің айтуынша, № 63 бағытында жүретін қоғамдық көліктің жүргізушісі шығыс бағытта автобустарға арналған арнайы жолақпен келе жатқан. Осы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz G-класс Тілендиев көшесіне жетпей Потемкин көшесіне өту үшін дереу бұрылған. Соғысу салдарынан Mercedes-Benz G-класс 20 метрге ұшып кеткен, ал жолаушылар автобусы бағанға соғысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатының салдарынан 15 адам зардап шеккен, оның ішінде автобустың да, жеңіл көліктің де жүргізушісі бар. Барлығы ауруханаға жеткізілген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети