26 қыркүйек 2014 | 18:17

Автоматын жоғалтып алған полицей жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Калашников автоматы. ©zbroya.info Калашников автоматы. ©zbroya.info

Шымкентте автоматын патрондарымен бірге ұрлатып алған полицей қызметінен босатылды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Абай ауданы прокурорының орынбасары Ермек Әйтімов айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте автоматын патрондарымен бірге ұрлатып алған полицей қызметінен босатылды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Абай ауданы прокурорының орынбасары Ермек Әйтімов айтты.

Патруль-күзет қызметінің 26 жастағы сержантына қатысты "Салақтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Прокурордың айтуынша, егер оның кінәсі дәлелденсе, жігіттің жүріп-тұруы бір жылға шектеліп, бұдан соң құқық қорғау органдарында жұмыс істей алмауы мүмкін. Сержант полицияда небәрі екі жыл жұмыс істеген.

"Қазір оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Оқиғаның 15.30 шамасында болғаны анықталды. Калашников автоматы жоғалып кеткен", - деді прокурор. Ол сонымен бірге "Қару ұрлау" бабы бойынша да қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Облыста "Перехват" жоспары жарияланды. Қару кафе маңына қойылған ақ түсті Lexus көлігінен жоғалған.

24 қыркүйек күні полицей достарымен бірге кафеге түскі ас ішуге барған. Астан шыққан кезде көліктен 30 патроны бар автоматын таба алмай қалады. Машина - полицейдің жеке көлігі.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети