Автомобильді айдап әкеткен өскемендік полиция учаскесіне сол көлікпен барды

15 Маусым 2015, 17:03
0
Автомобильді айдап әкеткен өскемендік полиция учаскесіне сол көлікпен барды - © ru.tsn.ua
© ru.tsn.ua

Автомобильді айдап әкеткен өскемендік полиция учаскесіне сол көлікпен барды, - деп хабарлайды YK-avto.kz порталы Өскеменнің №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, облыс орталығының тұрғыны танысының көлігін айдап әкеткен, кейін ойланып, аудандық полиция бөлімшесіне кінәсін мойындап барыпты.

"Іс материалына сәйкес, ер адам досының үйінде отырып, қонақтардың бірінің Subaru Impreza көлігінің кілтін ұрлап алған. Ер адам айдап әкеткен көлігімен Белоусовкаға дейін барыпты. Алайда ауылға жеткен ол істеген әрекеті үшін қатты өкінген", - делінген жарияланымда.

Ер адам полиция бөлімшесінің жанына тоқтап, кезекшіге көліктің кілтін беріпті және жасаған қылмысын да мойындаған. Сот оның бас бостандығына бір жылға шектеу қойды.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай