Аягөзде заң бұзғаны үшін қызметінен босатылған аудан әкімінің орынбасары сотқа жүгінді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аягөзде заң бұзғаны үшін қызметінен босатылған аудан әкімінің орынбасары сотқа жүгінді Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Заң бұзғаны үшін қызметінен босатылған Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Болат Сүлейменов сот арқылы қызметіне қайта алуды талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Заң бұзғаны үшін қызметінен босатылған Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Болат Сүлейменов сот арқылы қызметіне қайта алуды талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аягөз ауданы әкімдігі мәліметінше, аудан прокуратурасы Болат Сүлейменов басқарған жер комиссиясының жұмысында мемлекеттік қызметкерді кемсітетін көптеген заң бұзу дерегін анықтаған.

"Мұндай теріс қылық ШҚО бойынша Әдеп жөніндегі кеңесте ғана қаралады, сондықтан прокуратураның ұсынысы сол жерге жолданды. Әдеп жөніндегі кеңес тексеру жүргізіп, Сүлейменовті қызметінен босату түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс берді. Біз оны орындадық", - деп түсіндірді Аягөз ауданы әкімі аппаратының басшысы Қарлығаш Рысбекқызы.

Болат Сүлейменов бұл шешіммен келіспей, сот арқылы қызметіне қайта тағайындауды талап еткен.

Дегенмен Қарлығаш Рысбекқызының айтуынша, аудан әкімінің бұрынғы орынбасарының әрекеті айтарлықтай ауыр болған.

"Айқын заңбұзушылықтар қатарында байқауға қатысушылардың біріне басымдық беру бар. Мысалы, бес қатысушы жер алуға конкурсқа қатысады, оның төртеуі бастапқыда конкурсқа жіберілмейді, нәтижесінде бесіншісі жеңіске жетеді. Бұл айқын басымдық, яғни сыбайлас жемқорлық құқық бұзу дерегі", - деді Қарлығаш Рысбекқызы.

Және мұндай мысалдар көп болды, деді ол. Жақында ғана жер комиссиясының осындай бес шешімі сот арқылы жойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети