"Аяғы қысылып қалған". Қостанайда аяздан дірілдеген құтқарушының видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Құтқарушылар Қостанайда ғимараттағы жарылыс салдарын қалай жойып, үйінді астынан адамдарды қалай шығарып жатқандарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құтқарушылар Қостанайда ғимараттағы жарылыс салдарын қалай жойып, үйінді астынан адамдарды қалай шығарып жатқандарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соңғы мәлімет бойынша, оқиға орнынан екі адам табылып, дәрігерлерге тапсырылған. Үшінші жәбірленуші әлі ғимарат үйінділері астында жатыр, аяғы қысылған. Оқиға орнында барлық төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Минуттар санаулы, дейді құтқарушылар.

"Жұмыс өте қиын, мәселені үлкен көлемдегі техникамен шешу мүмкін емес. Куәгерлердің айтуынша, дәл сол жерде тағы үш адам бар. Бір уақытта үш ауданда техника және қолмен жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қайрат Қасым.

Бүгін Қостанайда күн аяз болып тұр. Синоптиктер мәліметінше, өңірде ауа температурасы 33 градус болса, ауа температурасы 40 градус аязға жеткендей сезіледі. Қатты аяз салдарынан жағдайға пікір берген құтқарушының дауысы дірілдеп, тыныс алуы қиындағаны байқалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети