18 маусым 2018 17:47

Аяғын көлік терезесінен шығарып жүрген: 19 жастағы жүргізуші жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда аяғын көлік терезесінен шығарып жүрген жолаушыны тасымалдаған Toyota жүргізушісі жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда аяғын көлік терезесінен шығарып жүрген жолаушыны тасымалдаған Toyota жүргізушісі жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видео Instagram желісіндегі almaty_dtp парақшасында жарияланған болатын.

"Бір жағынан бұл әрекет күлкілі болып көрінуі мүмкін. Бірақ жол қозғалысы ережелері ең алдымен адамдардың қауіпсіздігі үшін бекітіледі. Олар өздерінің осы әрекеті камераға түсіп қалады деп ойламаған да. Мұндай жүріс жол қозғалысы ережелерін бұзып қана қоймай, қоғамдық жердегі эстетикалық тәртіпке сәйкес келмейді. Жүргізуші мұндай ереже бұзушылыққа жол бермеуі тиіс еді", - деді Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.

Полициядағылардың мәліметінше, 19 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабының 1-бөлігі бойынша ("Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау") хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (12 025 теңге) айыппұл салынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети