09 шілде 2022 | 10:57

"Айбын" президенттік полкінде 21 жастағы сарбаз қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Елорда маңында өткен әскери жаттығу кезінде сарбаз оқ тиіп өлді. Оқыс оқиға кеше, 8 шілдеде Кіші Майлан деп аталатын оқу-жаттығу алаңында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Елорда маңында өткен әскери жаттығу кезінде сарбаз оқ тиіп өлді. Оқыс оқиға кеше, 8 шілдеде Кіші Майлан деп аталатын оқу-жаттығу алаңында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Айбын" президенттік полкінің келісімшартпен жүрген кіші сержантын серіктесі байқаусызда жазым қылыпты. Әзірге әскерилер айтып отырған ресми нұсқа осы. Бірақ 21 жастағы Дархан Мәліктің жақындары бұған сенген жоқ. Себебі таңнан бері сылтау сан өзгерді дейді зар илеген бауырлары.

Кіші сержант Дархан Мәлік кешке түнгі кезекшілікке кеткен. Ал келесі күні таңда 21 жастағы жігіттің тапаншадан атылып қалғаны туралы суық хабар жетті.

"Әкесімен сөйлескенде айтты "маған қоңырау шалып, оқ тиіп өзіне өзі атылып кетті" дейді. Асханада отырғанда өзінен өзі атылып кетті. Енді туысымыздың үйіне қызметінен адамдар келіп жатыр дегесін, біз айттық, "кетпесін, тілдесейік, сөйлесейік, бізге не айтады екен" деп. Сол кезде айтты, асханада екі жігіт отырады, нарядты тапсырып. Асханада отырған уақытта Дархан мылтығында оқ болмайды. Ойнап отырған. Ал қарсыласында оқ болады, ол байқамай қалады. Атқан уақытта бірден басына тиеді", - дейді марқұмның туысы Айзада Сейдахметова.

Оқиға астанадан 60 шақырым жердегі полигонда болған. Кіші Майлан деп аталатын полигонда әскерилер оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр екен. Келісімшартпен қызмет ететін Дархан Мәлік сонда күзетте болды. Суыт келген хабарға сене алмаған туыстары шыдай алмай таңертеңнен әскери бөлімге жетті. Олар ажалдың серігінен келгеніне күмән келтіріп отыр. Өйткені командирлердің жауабы таңнан бері сан өзгерді дейді әкесі.

"Маған айтқан ақпараты әртүрлі болып тұр. Таңертең өзінің автоматы атылып кетті деді. Енді бір сағат өткеннен кейін жолдас жігіттің тапаншасы атылып қалды деді. Енді сүйекті алып келе жатқан офицерлер қоқыс төгуге шыққан, сол жерде екеуі бір-бірімен ойнаған, сонда атылып қалды дейді. Әр түрлі ақпарат", - дейді марқұмның әкесі.

Десе де, әзірге ресми нұсқа осы. Айрықша мақсаттағы мемлекеттік күзет күштері қолбасышысының орынбасары жазатайым оқиға деп сендіріп тұр. Полигонда болмағаннан кейін полковник мырза өзі де мән-жайды ашық білмейді. Бірақ марқұмның туыстарына хабар айтып, барлық айқайды естіп жүрген осы кісі.

"Әскери тергеу басталды. Олар серігі екеуі қарапайым қауіпсіздік ережесін бұзған. Кезекшілік кезінде тапаншаны жәйдан жәй сыртынан алып шығуға да болмайды. Ол өзінің сыртында тұру керек. Оны неге суырып алып шықты, мен білмеймін. Әскери қылмыстық бөлімі осы сұрақтарды анықтайды", - дейді ҚР Мемлекеттік күзет қызметі айрықша мақсаттағы күштер қолбасшысының орынбасары.

Дарханды жазатайым атып алдым деген серігі бірден тергеуге алынғаны хабарланды. Ол марқұммен бірге әскери сапқа келген, артық мінезі байқалмаған бала дейді жауаптылар. Екеуі дос та болған. Қазір сержанттың денесі мәйітханада. Тексерістен кейін туған жері Арқалыққа сүйегі жеткізіледі. Түнгі кезегінің бітуіне жарты тәулік қалғанда өмірімен қоштасқан сержанттың артында 20 жастағы әйелі, төрт бауыры мен ата-анасы қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети