Алматы - Талдықорған тас жолында әйелді көлік қағып, артынан тағы екі мәшина басып өтті. Үш көліктің астына түскен келіншек оқиға орнында жан тапсырды. Әйел рұқсатсыз жермен жүгіріп өтпек болған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бірінші болып соққан жапон көлігінің жүргізушісі қараңғы түнде адамды байқамай қалғанын айтады. Ал үшінші автокөлік иесі оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір ол іздестіріліп жатыр. Аталмыш жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер жүргізушілерді кінәлі деп тапса, олар 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тасжолдың Қапшағайға жақын бөлігі қауіпті аймақтың бірі. Жақын маңда үйлер орналасса да, жолда жарық жоқ.