Әйелдің таяқ жеп жатқаны түсірілген бейнежазба жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйелдің таяқ жеп жатқаны түсірілген бейнежазба жария болды ©Kp.ru

Интернетте автобуста ер адамның бір әйелді ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желі тұтынушысының мәліметінше, бейнежазбадағы оқиға Ақтөбе қаласындағы 25-бағытты автобуста түсірілген.

Кадрдан жігіттің өзінен үлкен әйел адамға жұдырықпен соққы беріп жатқанын көруге болады. Әйел адамның автобустың кондукторы екені көрініп тұр. Тағы бір ер адам бұзақыны сабасына түсіруге әрекеттеніп жатыр. Жанжалдың себебі түсініксіз. Бейнежазба авторы оқиғаны жасырын түсірген. Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінен және бейнежазбаны таратушыдан түсініктеме сұрап отыр.

Назар аударыңыз, видеода былапыт сөздер бар!

Бұған дейін осындай оқиға 2013 жылы Алматыда болған еді. Күйеуін бұзақының тепкісінен қорғамақ болған әйел адам бетінен соққы алды. Жанжалға жолдағы тәртіп себеп болды. Бейнежазба авторы оқиғаға араласпады. Кейінірек әйелді ұрған бұзақы ұсталды. Кінәлі адам моральдық шығын өтегеннен кейін жәбірленушілер оған кешірім берді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети