Баянауылда алапат өрт шықты. Болат Бақауов оқиға орнына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баянауылда алапат өрт шықты. Болат Бақауов оқиға орнына барды © instagram/bayanaulnews.kz

Павлодар облысы Баянауыл ұлттық саябағының аумағында алапат өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысы Баянауыл ұлттық саябағының аумағында алапат өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлер оқиға орнында түсірілген видеоларды әлеуметтік желілерде жариялап жатыр. Instagram желісіндегі ekibas_v_teme парақшасында "алапат өрттің аумағы тым орасан" және "елді мекенге жақындап келеді" деп жазылған.

Жергілікті тұрғындар екінші тәулік бойы өз күшімен өртті сөндіріп жатыр, алайда жел бар еңбекті зая кетірді. Көмек керек", - делінген жазбада.  

View this post on Instagram

A post shared by Экибас в Теме???? (@ekibas_v_teme) on


Ресми мәлімет бойынша, өрт 22 қыркүйекте күндіз шыққан. Орманды алқапта шөп пен ағаш өртенген. Өрт аумағы шамамен 2,5 гектар. Өрт сөндіруге 100 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылған.

View this post on Instagram

A post shared by Павлодар онлайн (@pavlodar.online) on

"Алапат өрт шыққаны туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға айтылды. Оқиға орнына Павлодар облысының әкімі барды. Сондай-ақ, өрт сөндіруге төрт арнайы техника қосымша жұмылдырылды", - деді облыстық әкімдік баспасөз қызметінің өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети