Баку ұшақ апаты құрбандарының денелеріне қайта сараптама жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баку ұшақ апаты құрбандарының денелеріне қайта сараптама жүргізді видео кадры

Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауынан қаза тапқан үш экипаж мүшесі мен 21 жолаушының денелері Бакуге жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Minval-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауынан қаза тапқан үш экипаж мүшесі мен 21 жолаушының денелері Бакуге жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Minval-ға сілтеме жасап.

Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің денелері тиісті сараптама жүргізу үшін Әзербайжан Денсаулық сақтау министрлігінің Сот-медициналық сараптама және патологиялық анатомия бірлестігінің бөлімшелеріне жеткізілді.

БАҚ мәліметтері бойынша патологиялық анатомия бюросының Ясамал аудандық бөлімшесінде Azerbaijan Airlines жолаушылар ұшағының апатынан қаза тапқан 13 адамның денесіне қайта сараптама жүргізілді.

Сондай-ақ, ұшақ апатынан қаза тапқан Azerbaijan Airlines әуе кемесінің капитаны Игорь Кшнякиннің денесі сот-медициналық сараптамадан кейін оның отбасына берілгені белгілі болды.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети