Олимпиада ойындарының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың анасы Валентина Сәрсекбаева видеожолдау арқыла ұлына отбасын ұятқа қалдыра бермеуді сұрады, деп хабарлайды «Алаш айнасы» «Время» газетіне сілтеме жасап.
Олимпиада ойындарының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың анасы Валентина Сәрсекбаева видеожолдау арқыла ұлына отбасын ұятқа қалдыра бермеуді сұрады, деп хабарлайды «Алаш айнасы» «Время» газетіне сілтеме жасап.
Анасының жіберген арнайы видео жолдауында ол ұлынан отбасын ұятқа қалдыра бермеуін сұраған. «Мен бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың анасымын. Менің ұлым әлі күнге дейін өзінің бапкері, менің ағаммен пәтерге байланысты соттасып жатыр. Олар не үшін соттасып жатыр? Бақыт оған пәтер сыйлады. Енді арада бес жыл өткен соң өзіне қайтарып алғысы келеді. «Бұл менің заңды пәтерім. Бұл пәтер менікі», - дейді. Қалай Бақыттікі болады? Егер ол бес жыл бұрын оны сыйға берген болса. Ол енді ғана қымбат пәтерді сыйлап жібергенін біліп отыр. Мен Бақытты жолдан тайдырып, барлық құжаттарын дайындап жатқан адам кім екенін нақты білмеймін. Бұл Аделья есімді нотариус болуы мүмкін. Бақытты сол барлық нәрсеге үйретіп жатыр. Екеуі сол пәтерде тұрады. Ол заңгер ғой. Тәжірибесі мол. Мен Бақытты мүлде танымай қалдым. Бұл ұят тірлік. Қазақтанда да, Өзбекстан да барлығы Бақыттың үстінен күліп жүр. Есінен танып қалды ма, білмеймін мен. Өткен жылдың қазан айынан бастап соттасып келеді. Оны біреу итермелеп отыр. Бақыт, егер мына жолдауды көріп отырсаң мені тыңда, пәтерді қайтарып бер. Бізді ұятқа қалдырма. Баха, тоқта», - деген жолдауда.
Айта кетейік, осы мәселеге байланысты 1 шілде күні Астана қалалық сотының кассациялық алқасы Сарыарқа аудандық сотының және апелляциялық алқаның Махмудовтан пәтер сатып алған Ерболан Сағынбаевты жылжымайтын мүлік иесі деп таныған шешімінің күшін жойды. Бұл пәтерді Бақыт Сәрсекбаев өзінің бапкері Махмудовқа сыйға тартқан болатын. Алқа алдыңғы екі инстанция шешімінің күшін толық жойып қана қоймай, Сәрсекбаевтың Махмудовқа пәтер сыйлағаны туралы келісімшартты және Махмудов пен Сағынбаев арасындағы сату-сатып алу келісімшартын да жарамсыз деп таныды.