Ақтөбе облысындағы балабақшалардың бірінде тамақтан жәндіктер табылды. Ашулы ата-аналар әлеуметтік желілерде ішінде толы жәндіктері бар тамақтарды көрсетіп видео жариялады. Бұл жағдайға Ақтөбе облысы білім басқармасы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Білім басқармасы мәліметінше, үш адам, соның ішінде балабақша меңгерушісі жұмыстан шығарылған.
"13 қаңтарда Қандыағаш қаласындағы "Самал" балабақшасында жағымсыз жағдай болды. Таңертең әдеттегідей ботқа, яғни арпа ботқасы дайындалды. Қызметкерлер ботқаны тексерген кезде ештеңе байқалмаған. Алайда ботқа пісіп, тәрелкелерге салынғаннан кейін оның ішінде жәндіктер табылды. Балаларға ботқа берілген жоқ. Бұл оқиғадан кейін балабақша меңгерушісі, медбике және аспаз жұмыстан босатылды," – деп түсіндірді Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Бертлеуова.
Еске салайық, жәндіктер толы ботқа көрсетілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының білім бөлімі қазіргі уақытта балабақшада тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!