02 сәуір 2015 | 18:58

Балабақшаға есек еті әкелінді деген ақпаратты Тараз прокуратурасы тексереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Youtube.com видеосынан алынған скриншот Youtube.com видеосынан алынған скриншот

Әлеуметтік желілерде Тараздағы жекеменшік балабақшалардың біріне малдың тұтас етін әкеліп, қалай бөлгені туралы видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде Тараздағы жекеменшік балабақшалардың біріне малдың тұтас етін әкеліп, қалай бөлгені туралы видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пікір қалдырғандар оның есектің еті екенін және бұл оқиғаның "Анета" жекеменшік балабақшасында болып жатқанын жазған. Тараздың прокуроры Бағлан Телеу балабақшада тексеріс жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

"Иә, тексерісті бастадық. Құзырлы орган қызметкерлері кетті. Бізге түстен кейін шұғыл хабар келіп түсті, видео көрсетілді. Қазір анықталған жоқ. Құзырлы органдар еттің қандай жануардыкі екенін анықтау үшін тергеу жүргізеді, осыдан кейін айтуға болады. Қазір оны есектің еті деп сендіруге болмайды", - деді прокурор тілшіге.

Видео © instagram/multidom_taraz/

Өз кезегінде балабақшаның директоры оған әкімдік пен прокуратурадан адамдардың келгенін айтты. "Бұл монтаж. Менде барлық анықтама бар", - деді ол монтажды бәсекелестері мен көре алмайтындардың жасауы мүмкін екенін айтып.

Оның айтуынша, есектің басы монтаждалған. "Ата-аналар менімен бірге барып асхананы тексерді. Бізде сиыр етін тасымалдаушы бар. Кеше сиыр етін әкелді. Видеодағы сол және оның көмекшісі. Бұл жанжал туғызу үшін, балабақшаны құрту үшін жасалған", - деді Валентина Исабаева.

Бұл балабақша 2011 жылы ашылған. Тараздың тұрғыны Валентина Исабаева өзінің пәтерін балабақшаға өзгерткен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети