Ресейдің Свердловск облысының Лесное қаласында автомобиль видеотіркегішіне жантүршігерлік жол апаты түсіп қалды. Life News телеарнасының мәліметінше, Volkswagen Polo автомобилінің 20 жастағы жүргізушісі үш баламен бірге кетіп бара жатқан ер адамды соғып кетті. Егіздер балаарбада отырған, ал тағы бір бүлдіршінді ер адам қолынан жетектеп келе жатқан.

Жол-көлік оқиғасы қала орталығында жаяу жүргінші жолының маңында болды. Алайда отбасы рұқсат етілмеген жерден өтпек болған. Жазбада әйелдің автокөлікті байқап, тоқтағанын, ал әкесінің керісінше, қия жүріп бара жатқанын көруге болады. Бірақ ол жолды кесіп өтіп үлгермеді - көлік балаарбаны соқты. Соққыдан балалар 10 метрге дейін ұшып кетті.
Балалар ауруханаға түрлі жарақатымен жеткізілді. Біреуінің жамбасы сыныпты.
Жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдері жүргізушінің жаяуларды көргенде тоқтауға тырыспағанын айтты. "Ол оң жақ қатарға қарай ауысып, жылдамдықты үдеткішті басты. Бұл аймақта жылдамдыққа шектеу қойылғанымен, оның соқтығысқан сәттегі жылдамдығы - сағатына 74 шақырым болған, бұл маңда рұқсат етілген жылдамдық - сағатына 40 шақырым. Ол отбасыны айналып өтпекші болды, ал жол апатынан кейін шығып, өз автомобилін қарай бастаған. Болған оқиғаны облыстық жол қозғалысы қауіпсіздігінің мемлекеттік инспекциясы тергейді", - деді инспектор Евгений Белинский.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушылардың кінәлілік деңгейін анықтап жатыр.