Балалар ертеңгілігінде петарда жарылды: Желіде видео тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балалар ертеңгілігінде петарда жарылды: Желіде видео тарады Видеодан алынған кадр

Желіде балалардың жаңажылдық ертеңгілігінде петардалардың жарылғаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде балалардың жаңажылдық ертеңгілігінде петардалардың жарылғаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео кадрларынан балалар мен ересектердің жаңажылдық кюстюмдерді киіп, балабақшадағы ертеңгілікте өнер көрсетіп жатқаны көрінеді. Бірақ бір сәтте петардалар жарыла бастайды. Артынша залдағылардың үрейі қашып, дүрбелең басталады. Видеоның қашан және қайда түсірілгені белгісіз.

ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері видеоны тексеріп жатқанын айтты.

"Видеороликте болған жағдай қазіргі уақытта Қазақстанда тіркелмеген", - деді ТЖК баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Нұрахметов.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері де өз кезегінде бұл жағдайдың Қазақстанда болмағанын айтады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети