Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Астананың Сарыарқа ауданындағы жеке үйлердің бірінде екі бала пеш иісінен уланып қалды деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел ақпараты бойынша. Үшқоңыр көшесіндегі жеке үйлердің бірінде ақауы бар пештен иіс бөлініп, екі бала есінен танып қалған. 2010 және 2013 жылы туған балалар ауруханаға жатқызылды. Қаңтардың 29-ы күні дәл осындай төтенше оқиға Астанада тағы қайталанды. "Алматы ауданы, Оңтүстік-Шығыс ықшамауданындағы Тайқазан көшесінде жеке үйдегі қатты отын жағылатын пештен ақау шығып, 1997 жылы туған азаматша иіске тұншығып қалды", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Еске сала кетейік, 5 қаңтар күні Астанада бір отбасы пеш иісінен уланып қалған еді. Үйдің үш адамына дер кезінде медициналық көмек көрсетілді.
Астананың Сарыарқа ауданындағы жеке үйлердің бірінде екі бала пеш иісінен уланып қалды деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел ақпараты бойынша.
Үшқоңыр көшесіндегі жеке үйлердің бірінде ақауы бар пештен иіс бөлініп, екі бала есінен танып қалған. 2010 және 2013 жылы туған балалар ауруханаға жатқызылды.
Қаңтардың 29-ы күні дәл осындай төтенше оқиға Астанада тағы қайталанды. "Алматы ауданы, Оңтүстік-Шығыс ықшамауданындағы Тайқазан көшесінде жеке үйдегі қатты отын жағылатын пештен ақау шығып, 1997 жылы туған азаматша иіске тұншығып қалды", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Еске сала кетейік, 5 қаңтар күні Астанада бір отбасы пеш иісінен уланып қалған еді. Үйдің үш адамына дер кезінде медициналық көмек көрсетілді.