"Балалардың көзінше шалбарын шешкен": Алматыда ер адамға айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Балалардың көзінше шалбарын шешкен": Алматыда ер адамға айып тағылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Полиция балаларға тиісті деген күдікке ілініп, көршілері ұстаған ер адамның видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция балаларға тиісті деген күдікке ілініп, көршілері ұстаған ер адамның видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде ер адамнан жауап алу сәтінің видеосы пайда болды. Көршілердің айтуынша, ол көшедегі балаларға жақындап, олардың көзінше шалбарын шешкен. Оны аудан тұрғындары ұстап, полицияға тапсырған.

Алматы полициясы Бостандық аудандық ПБ 1996 жылы туған А.-ға қатысты әкімшілік шара қолданғанын хабарлады.

"Оның үстінен "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 404-бап бойынша хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жіберіледі", - деді полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 495.73  course up  589.53  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети