Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Балаларын терезеден лақтырып жіберген алматылықты операцияға дайындап жатыр

08 Қыркүйек 2015, 12:59
0
© Ярослав Радловский
© Ярослав Радловский

Екі баласын терезеден лақтырып жіберген алматылықты қазір операцияға дайындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы брифинг барысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова мәлімдеді. Оның мәліметінше, дәрігерлер әйелдің жарақаттарына оң баға бере қоймаған, алайда оны емдеу жұмыстарымен қаладағы ең үздік мамандар айналысып жатыр.

Жас ананың бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен үлкен және кіші қызын лақтырып, артынан өзінің де секіріп кеткені белгілі. Үлкен қызы қаза тапты. Ал бір жас екі айлық қызының Балалардың көпсалалы клиникалық ауруханасына жатқызылғаны хабарланды. Анасы қалалық орталық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. 

"Жарақаттары аса ауыр. Ол ашық басми жарақатын алған. Көп жері сынған. Барлық жүйесі зақымданған. Травматикалық шок алған. Жағдайларының жақсаруына деген аздаған өзгеріс бар. Анасы да, қызы да өздігімен тыныс алып жатыр. Аппараттан ажыратылды. Дәрігерлер анасын жедел емдеу жөнінде мәселені қарастырып жатыр. Ол шешім шығарылғаннан кейін 7-10 күн өткенде жасалуы мүмкін. Сәби өздігімен тыныстап жатыр, одан арғы ем дәрігерлер консилиумында келісілетін болады. Алматының ең үздік дәрігерлерінен консилиум құрылды. Дәрігерлер анасы мен баласын құтқарып қалу үшін бар мүмкіндікті қолданып жатыр", - деді Қасымжанова. Сонымен қатар, ол әйелмен жақында психологтардың жұмыс істей бастайтынын айтты. Айта кетейік, ол тілге келе бастады. Мұндай көмек сәбиге де көрсетіледі. Әйел мен сәбиге олардың туыстары барып жатыр.

Еске сала кетейік, оқиға 5 қыркүйек күні Сәтбаев көшесіндегі 109-үйде болған. Әйел алдымен кіші қызын лақтырып, артынан үлкен қызын лақтыруға тырысады. Куәгерлердің айтуынша, 8 жастағы Айша шамасы келгенінше қарсылық білдіріп, айғайлаған. Бірақ анасы пышақ қолданып, оны ақыры итеріп құлатқан. Оқиға болған кезде отағасы үйде болмапты. Оның қазір қайда екені - белгісіз. Алматы полициясы әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай