Ақмола облысының Заречное елді мекенінде көлік жүргізушісі үш жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушіні ұстады. "Daewoo Matiz автокөлігінің жүргізушісі елді мекендегі үйлердің біріне қарама-қарсы жерде артқа жүріп, жолдың жиегінде үшдоңғалақты велосипедте отырған үш жасар баланы қағып кетті", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Дене жарақаттарын алған бала Ақмола облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Жүргізуші 1,5 сағаттан соң Көкшетау - Атбасар автожолында қолға түсті. Ол Көкшетау қаласының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.