18 қаңтар 2015 | 23:57

Баласын бейтаныс жігітке беріп кеткен келіншек айыппұл төлеп құтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz иллюстрациясы ©Tengrinews.kz иллюстрациясы

Жігітпен бірінші кездесуінде емшектегі баласын беріп, қашып кеткен анаға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жігітпен бірінші кездесуінде емшектегі баласын беріп, қашып кеткен анаға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотқа сілтеме жасап.

"Сот қаулысымен Айсұлу Тәкішева өз қызының алдындағы жауапкершілікті атқармағаны үшін айыпты деп танылды және 9260 теңге сомасындағы бес айлық есептік көрсеткіш айыппұл ретіндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады сот өкілдері. Мұнымен қатар, сәбиін "сыйлап" кеткен ананың өз кінәсін мойындағанын және соттан бұл істі өзінің қатысуынсыз қарастыруын сұрағаны хабарланды.

Айта кетейік, 2 қаңтарда тастанды қызға 10 ай толады. Қазіргі уақытта ол Павлодардағы "Сәбилер үйінде". 

Бұған дейін облыстық ІІД баспасөз қызметі жас әйелге қатысты іс материалдары облыстық білім беру басқармасының кәмелетке толмағандар мен балалардың құқығын қорғау комиссиясына қарастыруға жіберілгенін хабарлады. Комиссия ананың ата-ана құқығын айыруды немесе құқықтарын шектеуді шешуі керек болған. 

Tengrinews.kz бұған дейін 19 жастағы қыздың бір жігітпен кездесуге сегіз айлық сәбиімен және баланың заттары салынған пакетпен келгенін хабарлаған болатын. Бір сәтте қыз жігіттен сәбиін көтере тұруды сұрайды да, қашып кетеді. Жігіт қыздың келуін күтпей, полицияға барып, тастанды бала туралы айтып берген. Қазіргі уақытта сәби облыстық балалар ауруханасында. Оны дәрігерлер қарап, денсаулығына еш зиян келмегенін айтты.

Қыз балалардың заттары салынған пакетте банк карточкасын қалдырып кеткен, оның кім екені сол бойынша анықталды. Келіншек екі күннен соң автовокзал ауданында өткізілген іздеу шаралары кезінде ұсталды. Екібастұз қаласының тұрғыны Павлодар қаласына жұмыс іздеп келіпті. Оның қиын тұрмыстық жағдайға қалай түсіп қалғаны хабарланбай отыр. Осы дерек бойынша "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети