18 қазан 2019 10:58

Баласын құтқарғысы келген: Қызылордада болған жол апатының видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Қызылордада автобус жүргізушісі ер адам мен жасөспірімді қағып кеткен, бұл оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап. 


Қызылордада автобус жүргізушісі ер адам мен жасөспірімді қағып кеткен, бұл оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Видеодан автобустың орташа жылдамдықпен қозғалғанын көруге болады. Осы кезде жолға кішкентай бала жүгіріп шығады, оның артынан құтқаруға әкесі жүгіріп шығады. Алайда автобус оларды қағып кетеді. 

Еске салайық, оқиға 17 қазанда сағат 12:30 шамасында Қызылорда қаласы Абай даңғылы мен Ыбырай Алтынсарин көшесінің қиылысы маңында болған. 4 жасар бала көшенің белгіленбеген жерінен жүгіріп шығып, артынан оның әкесі шыққан сәтте оларды қоғамдық көлік қағып кеткен. Алған жарақат салдарынан баланың әкесі қайтыс болып, 4 жастағы бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

Автокөлік жүргізушісі оқиға орнында анықталды. Сараптамалар тағайындалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мəн-жайлары анықталып жатыр.

Департамент мәліметінше, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік Кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети