Балдырған Сыбанбаеваның өліміне күдікті анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балдырған Сыбанбаеваның өліміне күдікті анықталды Балдырған Сыбанбаева түнгі клубқа кетіп, қайта оралмаған. © Vk.com

Астаналық полицейлер 33 жастағы Балдырған Сыбанбаеваның өліміне күдікті адамның аты-жөнін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық полицейлер 33 жастағы Балдырған Сыбанбаеваның өліміне күдікті адамның аты-жөнін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана ІІД полицейлері азаматша Сыбанбаеваны өлтірді делінген күдіктіні анықтады. Ол - Астана қаласының 25 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аясында тергеу шаралары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", - деп хабарлады департаменттегілер. 

Айта кетейік, биыл 19 маусымда Астана қалалық ІІБ кезекші бөліміне Астана қаласының тұрғыны хабарласқан болатын. Ол 18 маусымда шамамен сағат 03.00-де оның туысы Балдырған Сыбанбаеваның "Ретро" түнгі клубынан шығып, қайта оралмағанын хабарлаған еді.  Кейін келіншектің ағасы іздестіру жұмыстарына қатысты жаңа деректерді айтқан болатын.

Кейінірек жоғалып кеткен Балдырған Сыбанбаеваның мәйітінің табылғаны туралы хабарланған болатын. "26 маусымда шамамен сағат 12.00-де Пригородный ауылының маңында із-түссіз жоғалып кеткен азаматша Сыбанбаеваның зорлық белгілері бар мәйіті табылды. Тергеу шараларының барысында туыстары жәбірленушіні таныды", - деп хабарлады ІІД өкілдері. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-ның "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесімен байланысты айтылмай отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети