Қарағанды облысы Балқаш қаласында қыз 5-қабаттан құлап аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысы Балқаш қаласында қыз 5-қабаттан құлап аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жедел жәрдем қызметкерлері оны түрлі жарақаттармен қалалық орталық ауруханаға жеткізген. Зардап шеккен қыз қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
"Қыз Балқаш қалалық орталық ауруханасына 28 ақпандат түсті. Ауруханаға түскен кезде жағдайы өте ауыр болды. Дәрігерлер жедел түрде құрамында травматологтар, нейрохирургтер, хирургтер және басқа да мамандар бар команданы жинады. Оған бірден ота жасалды. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр. (...)", - деп хабарлады Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ведомствоның баспасөз қызметі Балқаш ауруханасында тағы да бір науқастың осындай диагнозбен жатқанын айтады. Ауруханаға жоғары қабаттан құлап кеткен тағы бір ер адам түскен. Оған да бірден ота жасалған, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Бірақ қыздың 5-қабаттан құлап кетуіне ненің себеп болғаны белгісіз.