26 қаңтар 2017 16:21

Балқашта ер адам жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

30 жастағы Ержан Нұркеев 12 қаңтарда Балқашта жоғалып кеткен. Қарағандыдағы фирмалардың бірінде жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейтін ер адам сол күні Балқашқа жүк әкелген. Содан ол көлікті танысының есігінің алдына қойып кетіп, туыстарының үйіне кету керек болатын. Алайда Ержан Нұркеев сол кезден бері үйіне оралмаған. Полиция ер адамды іздестіру жұмыстарымен айналысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, жоғалып кеткен Ержан Нұркеев Қарағанды облысының тумасы. Соңғы жылдары алысқа қатынайтын жүргізуші болып жұмыс істеген. Соңғы жұмыс орнына 2016 жылдың қараша айында келген. Жұмыс берушілердің тарапынан шағымдар болмаған. Бірақ 15 қаңтарда ұлының бастығы қоңырау шалып, оның жоғалып кеткені жайлы хабарлаған соң, анасы бірден іздеу сала бастаған.

.

"Ержанның танысы деп отырғанымыз оның жұмыс берушісінің әкесі. Ол жер үйде тұрады. Жұмыс берушінің әкесінің айтуынша, Ержан сол күні көлікті қалдырып, такси шақыртуын сұраған. Ұлым туыстарымыздың үйінде қонуы керек болды. Сол кезден бері оны ешкім көрмеген", - деді жоғалып кеткен ер адамның анасы.

Tengrinews.kz тілшісі жоғалып кеткен ер адамның басшысымен байланысқа шыға алды. Кәсіпкер Мейіржан Түсіповтің айтуынша, Ержан Нұркеев бұл жұмысқа қараша айының соңында келген. Содан ол бір уақытта кетіп қалып, жұмысына қайта оралмаған. Айта кетейік, 30 жастағы Ержан Нұркеевтің сол күні 150 мың теңге ақшасы болған.

Ал облыстық ІІД өкілдері осы оқиға бойынша кейінірек түсінік беруге уәде берді. Ержан туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлерге хабарласул сұралды: 8777 9494087, 8707 9494087.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети