Балқашта жоғалған 19 жастағы қыз көл маңынан өлі табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашта жоғалған 19 жастағы қыз көл маңынан өлі табылды Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Балқаш қаласында хабар-ошарсыз кеткен 19 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының ПД сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқаш қаласында хабар-ошарсыз кеткен 19 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының ПД сілтеме жасап.

Қыз 2 қарашада үйінен шығып кеткен. Ол туыстарымен байланысқа шықпаған. Сол күні қыздың анасы полицияға жүгінеді. Қызды іздестіру туралы ақпарат еріктілер қозғалысының Instagram-парақшасында да жарияланды.

"2 қарашада Балқаш қаласындағы полицияның кезекші бөліміне 55 жастағы қала тұрғынынан арыз келіп түсті. Ол үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткен 19 жастағы қызы туралы хабарлады. Бұл факт бірден полицияда тіркелді, полиция бөлімінің барлық жеке құрамы бағдарланды", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

3 қарашада іздеу шаралары барысында жоғалған қыздың денесі Балқаш көлі маңынан табылған. Оның денесінде зорлық-зомбылық іздері болмаған. Өлімнің алдын ала себебі - дененің мұздап қалуы.

"Қазіргі уақытта аталған факт бойынша барлық қажетті сараптама жүргізіліп, мән-жай анықталып жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети