Балқаш қаласында 22 қыркүйек күні жол талғамайтын көліктің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен жаяуларға арналған жолда кетіп бара жатқан оқушыны қағып кетті. Оқиғаның бақылау камерасына түсіп қалғаны туралы "ОСА" ҚҰ сайтында жазылды.

Жол-көлік оқиғасы таңертең Ағабай батыр көшесіндегі №2 мектепке жақын жерде болған. Зардап шеккен бала тірі қалды, алайда оның қазіргі жағдайының қандай екені белгісіз.
Куәгерлердің айтуынша, жол апаты кезінде жүргізуші мас болған, оның үстінен ішімдіктің иісі мүңкіп тұрыпты. "Көліктің жүргізушісінің де, оқушының да аты-жөні белгісіз. Балқашта тұратын біздің тұрақты оқырманымыз жүргізуші жергілікті полициядағы байланыстарының арқасында жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды", - делінген жарияланымда.