Балқаш тұрғыны өз қызын "cатқаны" үшін жындыханаға жіберілді

Гүлім © Tengrinews.kz

Бал?аш ?алалы? соты ?зіні? ?ызын "30 мы? те?геге сат?ан" ?ара?анды облысыны? т?р?ынына амбулаторлы? ем алу ?шін психиатрлы? клиника?а жат?ызу туралы ?кім шы?арды. Сотта ?йелді? психикалы? ауыт?улары бар екенін д?лелдейтін ай?а?тар келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балқаш қалалық соты өзінің қызын "30 мың теңгеге сатқан" Қарағанды облысының тұрғынына амбулаторлық ем алу үшін психиатрлық клиникаға жатқызу туралы үкім шығарды. Сотта әйелдің психикалық ауытқулары бар екенін дәлелдейтін айғақтар келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Cтационарлық кешенді сот-психиатрлық сараптаманың қорытындысы бойынша, өз қызын сатқан әйел осыған дейін де және бүгінге дейін психикалық ауытқулары бар. Соттың шешіміне сәйкес, айыпты деп танылған әйел психиатрдан ем алатын болады", - деді Балқаш қалалық сотындағылар.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қарағанды облысында өз қызын 30 мың теңгеге "сатып жіберген" әйелдің жазадан құтылып кетуі мүмкін екені айтылған болатын. "Іс қарастыру кезеңінде. Бас от отырысы бүгін өтеді. Прокуратураның айыптау қорытындысына сәйкес, қылмыстық іс "Кәмелетке толмағандар саудасы" бабы бойынша басталды. Сондай-ақ, іс материалдарында күдіктінің психикалық ауытқуы бар деген анықтама бар, яғни ол жасаған әрекеті үшін жауап бере алмайды", - деген еді соттағылар.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама