20 желтоқсан 2016 13:49

Өзінің қызын 30 мың теңгеге "сатып жіберген" әйел жазадан құтылып кетуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының тұрғыны өз қызын 30 мың теңгеге "сатып жібергені" үшін жазадан құтылып кетуі мүмкін. Себебі ол бала кезінен ақыл-есі кем екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысының тұрғыны өз қызын 30 мың теңгеге "сатып жібергені" үшін жазадан құтылып кетуі мүмкін. Себебі ол бала кезінен ақыл-есі кем екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екі жасар Гүлімді сату әрекеті бойынша дерек Балқаш қалалық сотына түсті. Басты күдікті ретінде оның анасы - Ақтоғай ауданының Шашубай ауылының 22 жастағы тұрғыны тартылып отыр. Ол "Кәмелетке толмағандар саудасы" бабы бойынша айыпталып отыр. Соттың баспасөз қызметіндегілер басты сот отырысының бүгін өтетінін хабарлады. 

"Іс қарастыру кезеңінде. Бас от отырысы бүгін өтеді. Прокуратураның айыптау қорытындысына сәйкес, қылмыстық іс "Кәмелетке толмағандар саудасы" бабы бойынша басталды. Сондай-ақ, іс материалдарында күдіктінің психикалық ауытқуы бар деген анықтама бар, яғни ол жасаған әрекеті үшін жауап бере алмайды", - деп хабарлады соттағылар.

Егер сотта осы дерек расталса, әйел қылмыстық жазадан құтылып кетуі мүмкін. Бұл баптың бірінші бөлігі мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салайық, Балқаш тұрғыны 2016 жылдың 2 маусымында 2 жасар қызын сату кезінде ұсталған болатын. 22 жастағы күдікті 30 мың теңге алып жатқан жерінде ұсталды. Бала "Шапағат" балалар үйіне тапсырылды. Кейін Гүлімнің туыстары баланы өз қолына алғысы келетінін мәлімдеген. Қыздың әжесінің айтуынша, анасының жаман ниеті болмаған, ол баласын сатқысы келмеген. Мұндай қадамға ол материалдық жағдайының нашар болуына байланысты барған делінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети