Балқашта бензин ішіп қойған бір жасар сәби қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашта бензин ішіп қойған бір жасар сәби қайтыс болды © drive2.ru

Балқашта бензин ішіп қойғаннан кейін қаланың жансақтау бөліміне түскен бір жасар сәби қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашта бензин ішіп қойғаннан кейін қаланың жансақтау бөліміне түскен бір жасар сәби қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сәбидің өлімі жайлы мәліметті Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер растады. Дәрігерлердің айтуынша, сәби 30 шілдеде сағат таңғы 5.40-та көз жұмған. 

"Дәрігерлер оның өмірі үшін соңына дейін күресті. Алайда ол ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Интоксикация деңгейі жоғары болды, аспирация, бас ісігі болды. Оның өкпесіне жасанды тыныс алдыру аппараты қосылды. Оны аман алып қалу мүмкін болмады. Ол 30 шілдеде таңғы 5.40-та көз жұмды", - деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса. 

Айта кетейік, сәби Балқаш орталық ауруханасына 28 шілдеде түскен болатын. Анасының айтуынша, баласы құтыдан бензин ішіп қойған. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалаған еді. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеулердің реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы ("Қауіпті жағдайда қалдыру") бойынша тіркелді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети