Балқашта көліктің оқушыны қағып кеткен сәті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашта көліктің оқушыны қағып кеткен сәті видеоға түсіп қалды © youtube.com/Larus193

Балқаш қаласында 22 қыркүйек күні жол талғамайтын көліктің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен жаяуларға арналған жолда кетіп бара жатқан оқушыны қағып кетті. Оқиғаның бақылау камерасына түсіп қалғаны туралы "ОСА" ҚҰ сайтында жазылды.

Жол-көлік оқиғасы таңертең Ағабай батыр көшесіндегі №2 мектепке жақын жерде болған. Зардап шеккен бала тірі қалды, алайда оның қазіргі жағдайының қандай екені белгісіз.

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты кезінде жүргізуші мас болған, оның үстінен ішімдіктің иісі мүңкіп тұрыпты. "Көліктің жүргізушісінің де, оқушының да аты-жөні белгісіз. Балқашта тұратын біздің тұрақты оқырманымыз жүргізуші жергілікті полициядағы байланыстарының арқасында жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды", - делінген жарияланымда.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети