ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 06 қыркүйек 2019 15:19
Барахолкадағы өртті сөндіруге тікұшақтар жіберіледі
Алматыдағы өртті сөндіру үшін ІІМ ТЖК мен қала әкімдігі авиацияны көтереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыдағы өртті сөндіру үшін ІІМ ТЖК мен қала әкімдігі авиацияны көтереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы құтқару қызметінің Ми-8 және "Қазавиақұтқарудың" К-32 тікұшақтары өртті әуеден сөндіреді. Қазіргі уақытта әуе көліктері ұшуға дайындалып жатыр. Базардағы қоймадағы өрт күшейіп барады.
© inAlmaty.kz
Мұның алдында Алматыда Жетісу ауданындағы базарда өрт шыққаны, Барахолка жанып жатқаны хабарланған. Металлпластикалық бұйымдар сақталатын бір қабатты қойма өртеніп жатқаны мәлім болды. Тілсіз жау ұлғайып барады.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу