“Бәрімізге жұмбақ“ - Алматы маңында өлі табылған әйелдің туыстары

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Бәрімізге жұмбақ“ - Алматы маңында өлі табылған әйелдің туыстары Фото: КТК кадры

Алматы облысында 56 жастағы әйелдің өліміне байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Оның денесі Алматы маңындағы қараусыз қалған зауыттың жанынан табылған. Марқұмның туыстары оның денсаулығына ешқашан шағымданбағанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 56 жастағы әйелдің өліміне байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Оның денесі Алматы маңындағы қараусыз қалған зауыттың жанынан табылған. Марқұмның туыстары оның денсаулығына ешқашан шағымданбағанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қайтыс болған әйелдің есімі Зиванзахан. Таңертең оның денесін ауыл тұрғындары қараусыз қалған кірпіш зауытының жанынан кездейсоқ тауып алған.

"Балалар жүгіріп келіп: "Тәте, бері келіңізші! Мұнда әйел қардың үстінде жатыр, оны көтере алмай жатырмыз" деді. Бәріміз осында келдік. Келініміз тез әрекет етті. Денесі жылы болатын. Біз тірі деп ойладық. Келініміз дереу жедел жәрдем шақырды. Бірақ дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтты", – деді Жаңыл Омарова есімді ауыл тұрғыны, ол полицияға хабарлаған.

Туыстарының айтуынша, Зиванзахан сол кеште кафеден шығып, үйіне оралмаған. Оны іздеу жұмыстары түні бойы жалғасқан.

"Кешкі 5-те ол кафеден шыққан, үйге дейін шығарып салған дейді. Содан кейін оны ешкім көрмеген. Келесі күні таңертең оны ауыл балалары 10 минуттық жерде – қардың үстінде, БАКАД маңында тапқан. Ол жерде бос жерлер ғана бар. Оның ол жаққа қалай барғаны түсініксіз. Бұл бәрімізге жұмбақ", – деді марқұмның жиені Бахтияр Мақсұтов.

Жақын маңнан ауыл тұрғындары әйелдің сөмкесі мен ұялы телефонын тапқан. Полиция марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмағанын хабарлады. Қазіргі уақытта сол кеште әйелді көрген куәгерлер іздестіріліп жатыр. Мүмкін, олар бұл жұмбақ өлімнің сырын ашуға көмектеседі.

Еске салайық, 17 желтоқсанда Алматы маңындағы ауылдан әйелдің денесі табылғаны белгілі болды. Полиция болған оқиғаның мән-жайын объективті анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатқанын хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети