"Бас мені!" Алматыда пойыз астына түсіп суицид жасамақ болған қыздың видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бас мені!" Алматыда пойыз астына түсіп суицид жасамақ болған қыздың видеосы пайда болды © facebook

Алматыда бір қыз өзіне қол жұмсамақ болып, жолаушылар пойызының алдына тұрып алды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бір қыз өзіне қол жұмсамақ болып, жолаушылар пойызының алдына тұрып алды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

22 ақпанда болған оқиғаның видеосын Facebook-тегі "Алматы. Что? Где? Когда?" парақшасына Евгений Дружина жүктеді. Оны мына жерден көруге болады. 

"Бүгін қыз өзін-өзі өлтіргісі келді, бірақ машинист пойызды тоқтатып үлгерді. Қызды ер адам ұзақ уақыт жұбатып, сабырға шақырды. Нағыз адам!!!" - дейді Желі қолданушысы.

Видеоға қатысты жазылған пікірлерде қыздың жүкті екені айтылады. Алайда Евгений Дружина оны жоққа шығарды. "Ол жүкті емес. Пойыз жүргізушісі сигнал бергенде, ол "Бас мені, бас!" деп айғайлады. Бір нәрсе болғаны анық", - деп жазды ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети