06 желтоқсан 2016 | 16:07

Бас прокуратура ведомство ғимаратында өзін-өзі өртеген әйелдің не себепті мұндай қадамға барғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бас прокуратура өзін-өзі өртеген әйелдің не себепті мұндай қадамға барғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратура өзін-өзі өртеген әйелдің не себепті мұндай қадамға барғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бас прокуратура 6 желтоқсанда сағат 12.16-да ведомство ғимаратының бақылау-өткізу пунктіне әйел адамның үш серігімен келіп, сыртқы киімін шешіп, бензин құйып өзін-өзі өртегенін хабарлады.

"Бақылау-тексеру пунктінің қызметкерлері дереу өртті сөндіруге көшкен. Оның әрекеті ойламан жерден болған, себебі өртке дейін ол ештеңе деп айтқан жоқ. Оған алғашқы көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылды", - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметіндегілер. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол әйелдің Рысманова М.Е., 1968 жылғы азамат екені анықталған. Ол 1988 жылғы Ахметов Е.Н. есімді ұлына қатысты шыққан сот үкіміне келіспегендіктен, осы қадамға барды. Рысманова М.Е Бас прокуратураға 2016 жылы 28 қарашада осы іс бойынша үндеу жариялаған. Осы істі қайта қарап шығу үшін Бас прокуратура соттан қылмыстық іс материалдарын алдырған болатын", - деді ведомстводағылар. 

2015 жылы 15 маусымда Шу аудандық соты Ахметовты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi - 3,5 грамм героин мен 285 грамм гашиш, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған. Ахметов сот үкіміне арыз берген, алайда жоғарғы инстанциядағы Жамбыл облыстық соты 2015 жылы 20 тамызда оның арызын өзгертусіз қалдырған. 

Толығырақ мәліметтерді Бас прокуратура кейінірек тағы хабарлайтынын мәлімдеді. 

Астана қалалық бірінші ауруханасының қабылдау бөлімінде әйелді 13.10 жеткізгенін және қазіргі уақытта оның жансақтау бөлімінде жатқанын айтты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети