"Басын қабырғаға соғады". Алматыдағы пәтерлердің бірінен "Маугли" балалар табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: куәгерден Фото: куәгерден

Алматыда пәтерлердің бірінен "маугли" балалар табылды. Tengrinews.kz тілшісіне Алматының Медеу ауданында бірнеше жыл бойы үш кішкентай бала анасымен бірге тұрып, іс жүзінде ата-анасының қамқорлығынсыз және қарауынсыз өскені белігіл болды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда пәтерлердің бірінен "маугли" балалар табылды. Tengrinews.kz тілшісіне Алматының Медеу ауданында бірнеше жыл бойы үш кішкентай бала анасымен бірге тұрып, іс жүзінде ата-анасының қамқорлығынсыз және қарауынсыз өскені белігіл болды.

Құжаттарға сәйкес, екі бала 2016 жылы, олардың ағасы 2020 жылы дүниеге келген. Көршісінің айтуынша, балалар сұмдық жағдайда тұрған: олар тұратын пәтерде қоқыс пен нәжіс толып жатыр. Сондай-ақ, көршісінің айтуынша, кенже баланың киімі де болмаған.

Балалар анасымен бірге тұрған пәтер. Суретті куәгер ұсынған

Сонымен қатар, балалардың ең кішісінде аутизм спектрінің бұзылуы (АСД) болуы мүмкін екені анықталды.

"Оған қарау керек, ол өте арық, егер бірдеңе дұрыс болмаса, басын қабырғаға соғады, кейін қолымен. Өкінішті, ол туылғанына кінәлі емес, ең болмаса шомылдыру керек", - дейді Tengrinews.kz сайтына баланы уайымдап жазған қамқор әйел.

ЦАН қызметкерлерінің айтуынша, үш жастағы Р. аутизммен ауырады. Суретті: куәгер ұсынған.

Бірнеше күн бұрын үш бала да Алматыдағы қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жеткізілді.

"Бізге түскенде оларды (балаларды - авт.еск.) көрсеңіз ғой. Мұндайға үйреніп қалған болсақ та, бұл қорқынышты көрініс болды. Мұндай балалар бірінші рет келіп тұрған жоқ. Балалар мүлдем қоғамға үйренбеген. Кіші бала тамақ ішу үшін қасықты қалай ұстау керектігін де білмейді", - дейді орталық қызметкерлері.

Орталық қызметкерлерінің айтуынша, балалардың анасы алкогольға тәуелділіктен қиналып, қазір емделуге жіберілген. Әкесі олармен бірге тұрмайды.

"Балалар қараусыз қалған. Қамқоршылар түсірген суреттеріне қарасақ, балалардың жағдайы қиын. Оларды алып келгеннен соң ертеңіне кішкентайы Р.-дың аутизммен ауыратыны анықталды. Қазір біз барлық инстанцияға хабарласып, невропатологтарды шақырдық, барлық тексеруден өту үшін психиатр мен терапевтке жолдама береміз", - деді орталық директоры Нұргүл Елибаева.

Оның айтуынша, балалар бұл орталықта алты айға дейін бола алады. Әрі қарай олардың тағдырын сот пен қорғаншылық органдары шешеді. Егер анасы түзеліп, дұрыс жолға түссе, анасына қайтарылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer