Басынан тепкен: Алматыдағы төбелестің видеосы тарады

Видеодан алынған кадр

Алматыда тұрғын үйлердің біріндегі аулада болған төбелес видеоға түсіп қалды. Видеодан белгісіз біреулер ер адамды қатыгездікпен ұрып жатқанын көруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда тұрғын үйлердің біріндегі аулада болған төбелес видеоға түсіп қалды. Видеодан белгісіз біреулер ер адамды қатыгездікпен ұрып жатқанын көруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, төбелес Ақсай-1 ауданында болған. Оның видеосы Telegram-дағы kris_p_almaty каналында жарияланды.

Видеодан төбелеске қатысушылардың бірі жерде жатқан ер адамды жүгіріп барып тепкенін, кейін бірнеше рет соққы жасағанын көруге болады.

Реклама
Реклама

Алматы қаласының полиция департаменті күдіктілердің ұсталғанын хабарлады.

"Жедел іс-шаралар барысында бұл қылмысты жасады деген күдікпен 1987, 1996 және 2000 жылдары туған Жамбыл облысының 3 тұрғыны ұсталды. Олар мас күйде "Ақсай-1" шағын ауданындағы үйлердің біріндегі аулада 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұрған", - делінген хабарламада.

Қалалық жедел жәрдем қызметі төбелес болған түні оларға мұрны сынуы мүмкін деген күдікпен ер адам түскенін хабарлады.

"Ол №5 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Жағдайы орташа ауыр", - делінген хабарламада.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелген.

"Жәбірленуші алған дене жарақатының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама