23 сәуір 2021 | 15:52

"Басып озбақ болған". Атырауда жол апатынан 8 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Атырау облысында 22 сәуірде автобус пен автоцистерна соғысып, салдарынан 8 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында 22 сәуірде автобус пен автоцистерна соғысып, салдарынан 8 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты Жылыой ауданындағы тасжолда болған. Автобус Прорва кен орнында жұмыс істейтін мердігер компаниялардың біріне тиесілі. Онда 11 қызметкер болған. Алдын ала болжам бойынша, КамАЗ тізгініндегі жүргізуші басып озбақ болып, қарсы жолаққа шығып кеткен.

Жол апаты салдарынан автобус жол шетіне аударылып қалған. Автобустағы жолаушылар мен жүргізушісі "Теңізшевройл" ЖШС медициналық клиникасына жеткізілді. Оқиға орнына Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барған.

"Апат салдарынан 8 адам зардап шекті. Бәріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта ауруханада тек автобус жүргізушісі жатыр. Оқиғаға қатысты ҚР ҚК-ның 345-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

"Аудандық ауруханаға бір жәбірленуші жеткізілді. Оған алғашқы көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта ол "ми жарақаты" диагнозымен хирургия бөлімінде жатыр", - деді Жылыой аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрбек Үкібаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети