Батыс Қазақстан облысында 2003 жылы туылған екі оқушы қыз Барбастау өзеніне батып кетті, - деп "Мой ГОРОД" облыстық Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында 2003 жылы туылған екі оқушы қыз Барбастау өзеніне батып кетті, - деп "Мой ГОРОД" облыстық Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.
Оқушылар сыныбымен бірге табиғатқа демалуға шыққан. "Аяқтарын суға батыруға барған олар өзенге құлап кетті. Қыздарды құтқарып қалу мүмкін болмады", - делінген хабарламада. Басылымның мәліметінше, дәл осы күні облыста суға бату оқиғалары көп болған. 1972 жылы туылған ер адам Оралда Деркүл өзеніне батып кетті. БҚО ІІД қызметкерлері оның денесін судан алып шықты.
Еске сала кетейік, Өскеменде суға батып бара жатқан баланы құтқарғысы келген Ресей азаматшасы қаза тапқан болатын. Оқиға 22 сәуір күні кешкі уақытта болды. "2009 жылы туылған бала Аблакетка өзеніне құлап кетті. 1973 жылы туылған Ресей азаматшасы ағып бара жатқан баланы көріп, суға секірген. Дегенмен, екеуі де батып кетті", - деді ТЖД өкілдері.