Батыс Қазақстан облысында мектеп оқушысы оқ жарақатын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында мектеп оқушысы оқ жарақатын алды Фото:depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысында мектеп оқушысы оқ жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында мектеп оқушысы оқ жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан Полиция департаменті оқиғаның Ақжайық ауданында болғанын хабарлады. 30 жастағы ер адам абайсызда мектеп оқушысын атқан. Жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы "Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аудандық білім бөлімі 3 ақпанда 17 жастағы 11-сынып оқушысы ағасымен аңға шыққанын хабарлады. Сол жерде ол жарақат алған.

"Оқиғаның қалай болғанын білмейміз, бірақ атқаннан кейін бытыра көзі, беті және мойнына тиген. Оқушы тірі. Ата-анасының шағымы жоқ", - деп түсіндірді Білім басқармасы.

Аудан әкімі аңшылықта кәмелетке толмаған бір бала болғанын, қалғандарының барлығы ересек адамдар екенін түсіндірді. Аңшылардың қару қолдануға рұқсаттары болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети