21 маусым 2015 | 17:47

Батыс Қазақстан облысында ірі жол-көлік оқиғасы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Mgorod.kz © Mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты. Жеңіл автокөлікте Теректі АІІБ басшысының жүргізушісі болған, ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды "Мой город".


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты. Жеңіл автокөлікте Теректі АІІБ басшысының жүргізушісі болған, ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды "Мой город".

Басылымның хабарлауынша, оқиға таңғы сағат 9.00 шамасында Барбастау ауылына жақын маңдағы Орал-Ақтөбе трассасында болды.

"Лада Калина" мен "Газель" соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасының нақты қалай болғаны түсініксіз. Алдын ала болжам бойынша, олар қарама-қарсы келе жатқан.

"Лада Калина" автомобилінің 1993 жылғы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. "Газель" жүргізушісінің құрылыс материалдарын алып бара жатқаны белгілі болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, зардап шеккен тағы екі адам Облыстық клиникалық ауруханаға түсті. Олар - "Газель" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы.

"Олардың бірі жан сақтау бөлімінде жатыр. Кеуде тұсы жарақаттанған, оң жақ үш қабырғасы сынған, жүрек тұсынан соққы алды. Екінші зардап шегуші хирургиялық бөлімде жатыр. Оның жамбас сүйегі сынған", - деді Саматова.

Жол-көлік оқиғасының жай-жапсарын анықтау үшін оқиға орнында құқық қорғау органдары қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети