Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Батыс Қазақстан облысында тағы алты оқушы талып қалды

04 Желтоқсан 2014, 19:48
1
©fedpress.ru
©fedpress.ru

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы аудандық ауруханасына талып қалған балалар жеткізіліп жатыр, - деп хабарлайды "Уральская неделя" порталы. Еске сала кетейік, Березовка ауылында балалар жаппай уланып қалған еді.

Тағы алты оқушы өзін жайсыз сезінген. Есінен танған үш оқушы аудан орталығының ауруханасына жеткізілді. Айта кетейік, балалардың жаппай улану жағдайы 28 қарашадан бері үш рет тіркелді. Бұған дейін ауруханаға түскен өзге оқушылардың ата-аналары балаларының әлі күнге дейін әлсіздікті сезінетінін айтып берді.

Еске сала кетейік, 28 қарашада 20-дан астам адам бірінен соң бірі талып қалған болатын. Дәрігерлер "зорығу" деген алдын ала диагноз қойды. Дәрігерлер адамдар баллоннан шашылған газдан улануы мүмкін деген тағы бір диагнозды қарастырды. Жергілікті тұрғындар мұның себебін өңірдегі экологиялық жағдайдан көреді, себебі Березовка ауылы Қарашығанақ кен орнында орналасқан.

Бұдан кейін облыс поркуроры Қарашығанақ кен орнында балалардың жаппай улануы алдында ауаға күкіртті сутектің бірнеше рет атылғаны тіркелгенін растады. Ал "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" компаниясының өкілдері экологиялық мониторингің жылжымалы станциясы Березовкада зиянды заттардың ресми түрде рұқсат етілген шектен асып кеткенін анықтамағанын мәлімдеді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай