Батыс Қазақстан облысында жол апатына түскен жолаушылар автобусының жүргізушісі қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында жол апатына түскен жолаушылар автобусының жүргізушісі қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Биыл 9 сәуірде БҚО Сырым аудандық сотының тергеу судьясы Шымкент-Самара күре жолында жол-көлік оқиғасын жасаған автобус жүргізушісіне қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысындағы жол-көлік оқиғасы 6 сәуірде сағат 05.30-да Сырым ауданындағы Алғабас ауылына жақын маңда болды. Автобус Мәскеуге қарай кетіп бара жатқан. Салонда жүргізушімен қоса санағанда 64 адам болыпты. Куәгерлердің айтуынша, автобус көпірден Анқаты өзеніне құлаған. Автобус ішінде болған жолаушылардың көпшілігі Ресейге жұмыс істеу үшін бара жатқан Өзбекстан азаматтары.
Жол апатынан 4 адам қаза тапты. Дәрігерлердің мәліметінше, ауыр жарақат алған барлығы 23 адам ауруханаға жатқызылды. Кейін аударылған автобус жүргізушісінің жүргізуші куәлігі болмағаны және жол апаты кезінде уақытша куәлігі болғаны туралы ақпарат пайда болды.