26 желтоқсан 2015 | 13:25

Батыс Қазақстанда ер адам өз әйелін емханада атып өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысындағы Ақ жайық аудандық шаруа қожалығының басшысы аудандық емханаға келіп, әйелінің шығуын сұраған. Әйелі шыққан кезде ер адам күртесінде тығып тұрған шолақ мылтығын алып шығып, төрт рет атқан, - деп хабарлайды "Мой город" аудандық әкімдіктің қызметкерлерінің мәліметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысындағы Ақ жайық аудандық шаруа қожалығының басшысы аудандық емханаға келіп, әйелінің шығуын сұраған. Әйелі шыққан кезде ер адам күртесінде тығып тұрған шолақ мылтығын алып шығып, төрт рет атқан, - деп хабарлайды "Мой город" аудандық әкімдіктің қызметкерлерінің мәліметіне сілтеме жасап.

Оқиғадан кейін ер адам дереу мылтығын тастай салып, қашып кеткені айтылады. Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта полицейлер қылмыскерді іздестіріп жатыр. 

"25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 17.00-де Чапаев ауылындағы емханада 1972 жылғы медбике қаза болды. Ол ауыр жағдайда реанимобильмен аудандық ауруханаға жеткізілді, кейін қаза болды", - деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Айта кетейік, оқиға болған күні ерлі-зайыптының соттың ажырасу туралы шешімін алғаны белгілі болды. Олардың екі баласы бар. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети