Батыс Қазақстан облысында валюта айырбасымен айналысатын кәсіпкерді атып кетті, - деп хабарлайды "Мой город".
Батыс Қазақстан облысында валюта айырбасымен айналысатын кәсіпкерді атып кетті, - деп хабарлайды "Мой город".
Кісі өлтіру дерегі бойынша соталды тергеу басталған. "8 қазанда таңғы уақытта өз үйінде 1969 жылғы азаматтың денесі зорлық белгілерімен табылды, нақтырақ айтқанда кеудесі мен сол жақ иығының тұсына оқ тиген. "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу басталды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегідер.
Оқиға кезінде марқұмның отбасының үйде болғаны айтылады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан адамның "Трнава" сауда орталығында нүктесі болған. Оның артында әйелі және екі баласы қалды.