05 тамыз 2015 14:57

Батыс Қазақстанда үш жасар бала түн ортасында жалғыз серуендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Gottes-energie.de © Gottes-energie.de

Батыс Қазақстан облысында түнгі сағат 2.00 шамасында үш жасар бала көшеден табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысында түнгі сағат 2.00 шамасында үш жасар бала көшеден табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірлік сот түн ортасында көшеде жалғыз жүрген 3 жасар балаға қатысты істі қарады. Бүлдіршінді жас жұп тауып алған. Олар басында баланың ата-анасының қайда тұратынын өз беттерінше білгілері келген, дегенмен жауап ала алмаған олар полицияға хабарласады. Тәтіп сақшылары баланы әкетіп, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жібереді. Баланың ата-анасының аты-жөнін олар келесі күні анықтады.

"Бүлдіршіннің анасы азаматша Әшімова болып шықты, ол күйеуімен бірге ұйықтап қалғандарын, баланың шығып кеткенін байқамағанын айтты. Баланың жоғалғанын ата-анасы ертеңіне ғана білген", - деп жазылған хабарламада.

БҚО Кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен баланың анасы кінәлі деп танылды, оағн ескерту түріндегі жаза тағайындалды.

Сотта бұл жағдайды "сорақылық" деп атады. БҚО өңірлік сотының судьясы ата-ананың бейқамдығына қатты алаңдаушылық білдірді. 2015 жылы 7 айдың ішінде "Кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды өкілсіз үйден тыс жүруіне" қатысты 467 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети