Батыс Қазақстан тұрғынының Сібір жарасын жұқтырғаны расталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан тұрғынының Сібір жарасын жұқтырғаны расталды Әйел облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. ©mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы тұрғынының Сібір жарасы диагнозы расталды, - деп хабарлайды "Мой город".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы тұрғынының Сібір жарасы диагнозы расталды, - деп хабарлайды "Мой город".

Әйел облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына Сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен жатқызылған болатын. Жәнібек ауданында әзірше карантин жариялана қойған жоқ, дегенмен малдар ауруға қарсы дәріленген. Ауру жұқтырған әйелмен қарым-қатынас жасаған екі адам бақылауға алынды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы Сергей Щербинаның айтуынша, ауру жұқтырған әйелдің жағдайы жақсарып келеді. Жәнібек ауданының тұрғыны ауруханаға 13 қазан күні жатқызылған. Ол ауруды 30 қыркүйек күйі сойылған қойдан жұқтыруы мүмкін, ал 9 қазанда аурудың алғашқы белгілері байқалған. Қойдың етінен түк қалмағандықтан, сараптамаға оның терісі ғана жіберілді.

Соңғы кездері Батыс Қазақстан облысындағы Бөрілі, Жәнібек, Сырым, Зеленов аудандарында адамдар мен малдың Сібір жарасын жұқтыруы жиі тіркеледі. Бұған дейінгі оқиғалардың бәріне сойылған ірі қара еті себеп болған еді. Өңірде ауру анықталғаннан кейін малды жою шаралары ветеринар мамандардың рұқсатынсыз жүргізілген. Еске сала кетейік, мұның алдында Сібір жарасын Оңтүстік Қазақстанда екі ер адам жұқтырған еді. 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети