Батыс Қазақстанда 20 оқушы бірінен соң бірі талып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстанда 20 оқушы бірінен соң бірі талып қалды ©Ярослав Радловский

Батыс Қазақстанда 20-дан астам мектеп оқушысы бірінен кейін бірі талып қалған, - деп хабарлайды "Мой город". Төтенше оқиға Березовка елді мекенінде болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстанда 20-дан астам мектеп оқушысы бірінен кейін бірі талып қалған, - деп хабарлайды "Мой город". Төтенше оқиға Березовка елді мекенінде болды.

Қазіргі уақытта ауруханаға 22 бала жеткізілген. "Балалар әлі түсіп жатыр", - деп хабарлады Бөрілі аудандық ауруханасының дәрігерлері. Олардың айтуынша, ауруханаға жатқызылғандар - 10-15 жас аралығында. Бөрілі ауданы әкімінің орынбасары Азамат Сафималиев есінен танғандар 3-11-сынып оқушылары деп отыр. Ол оқушылардың сабақ үстінде талып қалғанын айтты.

"Яғни, әңгіме бір сыныптың оқушылары туралы болып отырған жоқ. Балалар түрлі сыныптан, олар әр қабатта отырған. Қалған оқушылар үйлеріне жіберілді, мұғалімдер оларға қоңырау шалып, жай-күйлерін сұрап жатыр. Ауруханаға түскендерге келсек, қзір олар ем алып жатыр, жағдайлары тұрақты. Мектепте сарапшылар, санитар дәрігерлер мен экологтар жұмыс істеп жатыр. Ауадан алынған сынаманың алдын ала өлшемдері ешқандай ауытқушылықты көрсеткен жоқ", - дейді Сафималиев. 

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, Березовка мектебінен ауруханаға ресми түрде 19 бала мен үш ересек адам түсті. Қазір жағдайлары қалпына түсіп келеді. Оқиға орнында Бөрілі ауданының әкімі Марат Түсіпқалиевтің жетекшілігімен жедел штаб құрылды. 

Ал ауруханаға жатқызылғандардың туыстары мектепте балалардың екі күннен бері талып қала бастағанын айтты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Қарашығанақ кен орнына жақын маңдағы ауылда соңғы күндері жағымсыз иіс шығып тұр. "Біз Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг басшыларына ауаны ластауды тоқтатуды сұрап, хат жаздық", - дейді ауруханаға түскен бесінші сынып оқушысының анасы Елена Фахрутдинова.

Ата-аналар соңғы кездері ауыл тұрғындарының денсаулығы күрт өзгергенін айтып отыр. "Біресе басымыз айналады, біресе мұрнымыз қанайды, қызық жағдайлар болып жатыр", - дейді тұрғындар. Қазіргі уақытта балалар жаппай талып қалған мектепте экологтар, дәрігерлер, төтенше жағдайлар қызметкерлері, аудандық ішкі істер бөлімі мен прокуратура мамандары жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов басқаратын облыстық комиссия құрылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети